Қазақстан • 03 Мамыр, 2018

«Ауыл нақыштары» фотобайқауы жарияланды

1815 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Туған жер табиғатының бар байлығы мен көз тоймайтын сұ­лу­лығын санада ұзағырақ сақ­тау­ға сеп­тесуші жолдың бірі – фотография. Табиғат-ананың әсем­дігі мен суреткерлік қиял бір ар­нада тоғысып, фотографтың объективіне іліккенде сұлулыққа жан бітірер нағыз өнер туады. 

«Ауыл нақыштары» фотобайқауы жарияланды

Шы­ғармашылықтың осынау ерекше түріне айрықша мән бе­ріп, фотограф қиялы ар­­қылы әсем­­дікке жан бі­ті­­руді көксеген «Ауыл» ха­лық­тық-демократиялық пат­ри­оттық партиясы мен «Егемен Қазақстан» газеті ұжымы 2018 жылдың 3 ма­мыры мен 1 қа­рашасы аралығында «Ауыл нақыш­та­ры» тақырыбында фотобайқау жариялайды.

«Ауыл нақыштары» тақырыбы бойынша өткізілетін фотобайқау ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Фотобайқау ұйымдастырушылары – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушылар). Мекенжай: 010000, Астана қаласы, Алматы, 1 к-сі, «Асылтау» БО, 010008, Астана қ., Егемен Қазақстан к-сі, 5/13.

1.2. Фотобайқауға жас ерекшелігіне, мамандығына және қызығушылықтарына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын барлық кәсіби және әуесқой фотограф қатыса алады.

1.3. Әрбір қатысушы байқауға 3 суретке дейін ұсына алады. Байқаудың тақырыбы – «Ауыл нақыштары». фото­лар туған өлкенің әсем көркі мен тұрғындарының кел­беті, ауыл тұрмысы мен тіршілігі, табиғатты аялау кө­рі­ністерін қамтуы және Қазақстан Республикасы терри­ториясында түсірілген болуы тиіс. Бір автор тарапынан байқауға ұсынылған 3 сурет жанры, тақырыптық си­паты және мазмұны жағынан әртүрлі болуы шарт.

1.4. Фотобайқаудың басталуы: 2018 жылдың 03 мамыры.

1.5. Фотобайқаудың нәтижесін шығару: 2018 жылдың 01 қарашасы.

1.6. Байқауға қатысушылардың суреттеріне келе­сі­дей техникалық талаптар қойылады:

– JPG форматында болуы;

– пиксель көлемі 3 000-нан кем болмауы;

– әрбір суреттің көлемі 5 Мb-тан аспауы тиіс.

1.7. Фотолар «Фотобайқауға» деген айдармен auyl.kz сайтына жолдануы тиіс.

 

2. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, фо­тоның авторы өзі екендігіне және ол ешкімнің ав­тор­­лық құқығын бұзбайтындығына, сондай-ақ сурет бұ­­рын ешқандай фотобайқауға ұсынылмағандығына жә­­не ешқандай басылымда/интернет-ресурста жария­лан­бағанына кепілдік береді.

2.2. Фотобайқауға қатысушылар авторлық және са­бақтас құқықтардың сақталуы бойынша жау­ап­кер­шілікті өз мойнына алады. Байқауға қаты­су­шының су­рет­теріне қатысты үшінші тараптан қандайда бір шағым түс­кен жағдайда қатысушы мәселені өз мүмкіндіктеріне сүйеніп, тиісті шығындарын өз есебінен жабу арқылы ше­шуге міндеттеледі.

2.3. Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, фо­тобайқауға қатысуға келісім беретіндігін және осы Ере­жеде көрсетілген байқаудың шарттарымен келі­се­тіндігін растайды.

2.4. Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, Ұйымдастырушыларға болашақта өз фотола­рын «Егемен Қазақстан» газеті беттерінде, Ұйым­дас­ты­ру­шы­лардың сайттары (www.auyl.kz, www.egemen.kz) мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында автор­лық қаламақысыз және коммерциялық емес мақ­сатта шектеусіз көлемде пайдалануға келісім береді. Ұйымдастырушылар фотобайқауға қатысушының суретін әрбір қолданған кезде автордың аты-жөнін тиісті талаптарға сәйкес көрсететін болады.

2.5. Байқауға жіберілген суреттер келесідей жағдай­лар­да фотобайқауға қатыстырылмайды:

– фото байқаудың тақырыбына сай келмесе;

– суреттің шығармашылық және техникалық сапасы өте төмен деңгейде болса;

– фото эротикалық мазмұнда болса, сондай-ақ су­рет­терде зорлық-зомбылыққа, нәсілдік және діни төз­беу­шілікке шақыру белгілері көрініс тапса;

– анонимді (автор туралы нақты әрі шынайы ақ­парат берілмесе) болса.

2.6. Ұйымдастырушылардың тиісті сапалық және тех­никалық талаптарға сай келмейтін суреттерді ав­тор­ға себебін түсіндірусіз байқауға қатыстырмауға құ­қығы бар.

2.7. Байқауда жүлделі орын алған фотосуреттерді ұй­ым­дастырушылардың өз сайттары мен әлеуметтік же­лі­д­егі ресми парақшаларында жариялауға құқығы бар.

 

3. Фотобайқаудың нәтижесін шығару

3.1. Байқаудың жеңімпаздарын «Ауыл» халықтық-де­мо­кратиялық патриоттық партиясы» ҚБ және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ қызмет­кер­лерімен қатар, тәуелсіз фотограф-сарапшылардан тұ­ратын қазылар алқасы анықтайды;

Байқау марапаттары:

1-орынға 500 000 теңге;

2-орынға 300 000 теңге;

3-орынға 200 000 теңге.

• «Көптің көзайымы» атты арнайы сыйлық: 100 000 теңге («Ауыл» партиясының сайтында жарияланып, іріктеліп алын­ған фо­толардың ішінен ең көп дауыс жи­на­ған фотосуретке тағай­ын­да­лады). Дауыс беру 2018 жылдың 16 қыркүйегінде басталады

• Демеушілердің арнайы сыйлықтары

3.2. Байқау жеңімпаздары анықталғаннан кейін Ұйым­дастырушылар жеңімпаздарға фотобайқау нәти­же­сін электронды пошта арқылы хабарлайды.

3.3. Жеңімпаздар жүлделерін алу үшін фотобай­қау­дың же­­ңімпазы атанғаны туралы хабарлама алғаннан кей­інгі отыз күннің ішінде Ұйымдастырушының мекен­жай­ына өз­­дерімен бірге төлқұжаттарын ала келуі тиіс. Же­ңім­паз ма­­рапатын алуға өзі келе алмайтын жағдайда, жүл­де­ге се­німхатта аты-жөні көрсетілген өкілі арқылы не­месе ұй­ым­дастырушының электронды поштасына (auyl-pat­ri­ot­@ma­il.ru) өз төлқұжатының көшірмесін, банктегі есеп­шо­ты­ның нөмірін және нақты пошта ад­ре­сін жіберу ар­қылы қол жеткізе алады.

3.4. Жеңімпаздар осы Ереженің 3.3 тармағында көр­се­тілген талапты орындамаған жағдайда сыйлыққа ие болу құқығынан айырылады.

3.5. Егер жеңімпаз Ұйымдастырушыларға банктегі есепшотының нөмірі мен пошта адресін жіберуде қате­лік­ке жол беріп, нәтижесінде сыйақы мен сыйлық оған жет­песе, Ұйымдастырушылар марапатты жеткізуде өз мін­дет­терін толық орындаған болып есептеледі.